БҚО полицейлері кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілердің суреттерін жариялады, деп жазады inbusiness.kz ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті 2022 жылдың 6 тамызында сағат 19.55 шамасында аса ауыр қылмыс жасаған 1991 жылы туған Қожантаев Руслан Фархатұлы, 2001 жылы туған Амангелді Тұрлан Сырлыбайұлына іздеу жариялайды. Махамбет көшесіндегі 15 ғимаратта адам өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан", – делінген хабарламада.
"Бұл қылмыс БҚО ПД басшылығының күнделікті ерекше бақылауында. Егер күдіктілер болуы мүмкін немесе нақты орналасқан жері туралы ақпарат болса, 102 пультіне немесе 98-45-30 телефоны арқылы хабарлауыңызды сұраймыз. Аноним болатыныңызға кепілдік беріледі", – деп сендірді полиция.
Еске сала кетсек, 6 тамыз күні Оралда бірнеше дәмхана мен мейрамхананың иесі болған белгілі кәсіпкердің денесі табылған. Бейнебақылау камераларына екі жігіттің қашып бара жатқаны сондай-ақ бірінің қолы қан болғаны түсіп қалған.