Бизнестегі тексерістер саны қанша есеге қысқарды

1054

Бұл туралы кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов айтты.

Бизнестегі тексерістер саны қанша есеге қысқарды

ҚР Ұлттық экономика министрлігі бизнесті тексерушілердің қаншаға азайғанын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыповтың айтуынша, осыдан он жыл бұрын елімізде 800 000 мың кәсіпкер болған. Сол кезде тексерістердің саны 400 000-ға дейін баратын. Өткен жылы отандық бизнесмендердің саны 1,2 миллионнан асты. Ал тексерістердің саны 81 000-ға дейін азайды. Осылайша, он жылдың ішінде кәсіпкерлер көбейсе де, тексерістер 4,5 есеге қысқарып отыр.

"Бұдан бөлек, бизнеске қатысты талаптар да күрт төмендеді. Мәселен, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар бойынша 11 500 талап болса, бүгінде негізгі деген 1800 талап қалды. Бұрын өрт қауіпсіздігі саласында 3 мың талап болды. Қазір осы санаттағы талаптардың саны 870-ке дейін азайды. Ал өндірістік қауіпсіздік талаптары 10 000-нан 7300-ге дейін қысқарды. Осының нәтижесінде тексерушілердің саны да азайып отыр. Атап айтқанда, штаттың 1000 тексеруші қызметі оңтайландыруға ұсынылған болатын. Осы уақытқа дейін 600-і оңтайландырылды", – деді Асланбек Жақыпов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлерді тексерудің жаңа әдісін түсіндірді. Бұдан бөлек, алдағы уақытта кәсіпкерлердің құқықтарын бұзған мемлекеттік органдарды жазалау шаралары бастайды. Ол үшін арнайы қоғамдық қабылдаулар ашылады. Оған кез келген бизнесмен өз арызын тапсыра алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу