Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Мораторийді ұзартуға келетін болсақ, иә, біз шешім дайындадық, оны Мемлекет басшысы қабылдады. Осылайша, ШОБ субъектілерін тексеруге мораторий 2023 жылдың соңына дейін ұзартылды. ШОБ субъектісі, егер оның қызметі халықтың өмірі мен денсаулығына әсер ететін болса, мемлекет әрқашанда оның қызметін тексеруге құқылы", – деді министр Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Еске сала кетсек, мораторий шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайды жақсарту мақсатында енгізілген болатын. 3 жылға қарастырылған жеңілдік 2023 жылы аяқталуы тиіс еді.