Бизнесті жоспарлы тексеру екі есе қысқарады

391

Бизнесті тексеруді адамның қатысуынсыз автоматтандырылған форматта тағайындау 2024 жылы басталады

Бизнесті жоспарлы тексеру екі есе қысқарады

Мемлекет басшысы өзінің алғашқы Қазақстан халқына Жолдауында үлкен саяси өзгерістер туралы жариялады. Бұл пікірді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов "AMANAT" фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.

"2020 жылдан бастап елде 2024 жылға дейін шағын және микробизнесті тексеруге мораторий қолданылып келеді. Экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 2019 жылмен салыстырғанда 31,7%-дан 36,5%-ға дейін өсті. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны тек соңғы жылы 27%-ға өсіп, 1,8 млн-нан асты. Секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны бір жылда 18%-ға артып, 4,1 млн адамға жетті", - деді ол.

Әлихан Смайыловтың пікірінше, оң нәтижелер кәсіпкерлер мен билік органдарының өзара іс-қимылының тиімділігімен байланысты.

"Таза парақтан реттеу" қағидаты сәтті сыналды. 44 салада 128 мың талап талданды, оның ішінде жаңа реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келмейтін 10 мыңнан астам талап анықталды. Оның 9 мыңы заңға тәуелді деңгейде алынып тасталды. Сондай-ақ, бизнесті тексеруге мораторий аяқталғаннан кейін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың толық жұмысының басталуымен мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларындағы тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Мұндай автоматтандырылған тәсіл адамның қатысуынсыз тексерулерді тағайындауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бизнесті жоспарлы тексеру 2 есеге қысқарады",-деді премьер-министр.

Шағын және орта бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізілді. Жалпы мөлшерлеме 34,5%-дан 20%-ға дейін төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу