"Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасындағы салалық шектеулер алынды

1330

Енді кез келген ШОБ субъектісі жеңілдікпен несие алады. 

"Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасындағы салалық шектеулер алынды

Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мәдиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасында салалық шектеулердің болмайтынын мәлімдеді. Осылайша кез келген шағын және орта бизнес субъектісі жеңілдікпен қаржы ала алады. 

"Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасындағы салалық шектеулер алынып тасталды. Бұл бизнес жобаларды барынша кең қамту үшін жасалды. Демек шағын және орта бизнестің кез келген субъектісі осы бағдарламаның қатысушысы атанып, жеңілдікпен қаржы ала алады. Сондай-ақ, бір кәсіпкерге шаққандағы несие көлемі 7 млрд теңгеге артты. Бұдан бөлек айналымдағы ақшаны толықтыру 500 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар сауда субъектілері үшін айналымдағы ақшаны толықтыру көлемі 100 млн теңгеге дейін өсті", – деді Жасұлан Мәдиев. 

Бұл ретте вице-министр кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдеуге "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры көмектесетінін айтты. 

"Қор бөлімшелері еліміздің барлық ірі қалаларында бар. Әрі бірыңғай 1408 колл-орталығы жұмыс істейді. Субсидия беру онлайн режимінде Электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Ал әр өңірдегі менеджерлердің телефондары сайттарында және әлеуметтік желідегі арақшаларында көрсетілген", – деді Жасұлан Мәдиев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу