"Бизнестің жол картасы" бойынша 683 нысан салынады

742

Болашақта 35 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. 

"Бизнестің жол картасы" бойынша 683 нысан салынады Фото: Максим Морозов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде 13 инфекциялық аурухана салынатынын хабарлады. 

Министрдің мәлімдеуінше, 2 700 орынға арналған жаңа ауруханалар 5 мың тұрақты жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. 

"Бизнестің жол картасы" бағдарламасы бойынша салынатын 683 нысанның әлеуметтік маңызы зор болады. Білім беру саласына ұсынылатын 80 нысанда 10 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм салаларына қатысты 60 жаңа нысан бой көтереді. Нәтижесінде 20 мың жаңа жұмыс орны пайда болады", – деді Біржан Нұрымбетов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу