"Бизнестің жол картасына" қосымша 84,5 млрд теңге бөлінеді

793

Кәсіпкерлердің несиелерін субсидиялау шаралары күшейтіледі. 

"Бизнестің жол картасына" қосымша 84,5 млрд теңге бөлінеді

Төтенше жағдай кезінде халықты және экономиканы қолдауға бірнеше бағыт бойынша қосымша қаржы қарастырылады. Үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов осылай деді. 

Қаржы министрінің айтуынша, республикалық бюджеттің кірісі 6,4 трлн теңге көлемінде бағаланған. Сыртқы жағымсыз факторлардың әсерінен табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдердің төмендеуі болжанып отыр.
Оның сөзінше, жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыруға 1 трлн теңге бағытталады. Инфрақұрылымдық жобалар аясында 250 мың жұмыс орны ашылады. 

"Бизнестің жол картасын" іске асыруға қосымша 84,5 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бағдарламада кәсіпкерлердің несиелерін субсидиялау және кепілдендіру арқылы кәсіпкерлікті қолдау шараларын күшейту көзделген. Бұл шамамен 16 мың жұмыс орнын ашуға және 250 млрд теңгеден астам салықтың түсуіне мүмкіндік береді", – деді Әлихан Смайылов. 

Брінші вице-премьердің айтуынша, азаматтардың жекелеген санаттары үшін азық-түлік пен тұрмыстық заттар жиынтығын беруге 30,8 млрд теңге бөлінеді. Бұл шара 2 млн-нан астам адамды қамтиды. 

"Еңбек" бағдарламасын іске асыруға 50 млрд теңге қосымша шығыстар қарастырылады. Нәтижесінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік тұрғыдан осал халықты қолдау, еңбек делдалдығы мен шеберліктің тиімді моделін жасау жұмыстары жалғастырылады. Коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ағымдағы жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысы карантинге тартылған медициналық және басқа да қызметкерлерге қосымша ақы төлеуді жүзеге асыруды тапсырды. Бұған 40,5 млрд теңге бөлу көзделіп отыр", – деді қаржы министрі.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу