Бизнестің жұмысын қайта жаңғыртуға арналған INFO KAZAKHSTAN платформасы іске қосылды

1077

Бұл туралы  “Атамекен” ҰКП басқарма төрағасы Аблай Мырзахметов ҚР премьер-министрі орынбасары және бизнес өкілдерімен өткен жиында хабарлады.  

Бизнестің жұмысын қайта жаңғыртуға арналған INFO KAZAKHSTAN платформасы іске қосылды

Бизнестің жұмысын қайта жаңғыртуға арналған INFO KAZAKHSTAN платформасы іске қосылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Платформа көмегімен кәсіпкерлер бекітілген жұмыс алгоритмдерімен танысып, дайындық туралы чек-листті рәсімдей алады. Сайтта жауапты мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын мониторингтік топ жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар жиын барысында бизнес қауымдастық өкілдері барлық нормалар мен ережелерді сақтай отырып, қызмет етуге дайын екендіктерін жеткізіп, өз ұсыныстарын ортаға салды. Жиын соңында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мемлекет әлеуметтік жауапкершілікгі жоғары бизнесті қолдайтынын жеткізіп, кәсіпкерлік нысандарының ашылуға дайындықтарын жеке тексеріп шығуға дайын екендігін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу