БҚДА "Транстелеком" компаниясына қатысты заңбұзушылықтарды анықтады

408

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады

БҚДА "Транстелеком" компаниясына қатысты заңбұзушылықтарды анықтады Фото: TAdviser

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті "Транстелеком" АҚ жұмысындағы заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомство хабарлауынша, "Транстелеком" АҚ белгілі бір операторлардан ауысқан жағдайда (Қазақтелеком, Билайн және т. б.) Интернетке қол жеткізу қызметтеріне 100% жеңілдік беру туралы жарнамалық материалды тарату бойынша қызметін тексеру барысында нарық субъектісін бәсекелеспен Шартты бұзуға шақыру түрінде көрсетілген жосықсыз бәсекелестік белгілері анықталды.

"Алматы Телекоммуникейшнс Қазақстан" АҚ түсірген шағымның аясында тексеріс жүргізіліп, Акционерлік қоғам жарнамалық материал таратқаны белгілі болды. Онда акционерлік қоғам 4 ай мерзімге интернетке қосылу қызметтеріне 100% мөлшерінде жеңілдік ұсынған. Міндетті шарт үшінші тарап операторларынан көшу, ауысып келу болған", - делінген БҚДА хабарламасында.

Акционерлік қоғамның бұл әрекеттері ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 177-бабы 2-тармағының, сондай-ақ 186-бабының 9) тармақшасында көзделген нормаларын бұзу болып саналады.

Осыған байланысты, Акционерлік қоғам заңбұзушылық белгілерін жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы Хабарлама жіберілді.

Акционерлік қоғам жарнамадағы науқанды жойып, хабарламаны орындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу