БҚО әкімдігі жарғылық капиталы 9,5 млрд теңге болатын жаңа компания құрмақ

1067

"Жайық су арнасы" атты жаңа коммуналдық кәсіпорын сумен қамтамасыз ету және су бұруды жұмысына жауап береді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

БҚО әкімдігі жарғылық капиталы 9,5 млрд теңге болатын жаңа компания құрмақ

19 қарашада "Ашық НҚА" порталында "БҚО-да сумен жабдықтау және су бұру саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін жаңа коммуналдық заңды тұлғаны құру туралы" құжат жарияланды.

Құжатқа сәйкес, БҚО әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жарғылық капиталы 9,5 млрд теңге болатын "Жайық су арнасы" ЖШС-ны құрып, кәсіпорын басшысын тағайындауды тапсырған.

Құрылатын жаңа кәсіпорынның заңды мекенжайы "Батыс су арнасы" ЖШС-мен бір. Жарғыға сәйкес жаңа кәсіпорын "Батыс су арнасы" ЖШС қандай жұмыс істесе, ол да соған жауап береді. Суды есепке алу аспаптарын пломбалау, абоненттерді қайта қосу, желілерді жуу және тазалау, ағын суларды сору және тағы басқа.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев қаулының орындалуын бақылауды өзінің орынбасары Аманжол Алпысбаевқа тапсырған.

Биыл 6 желтоқсанға дейін құжат қоғам талқысына шығарылады.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Миржан Нұртазиевтің айтуынша, "Жайық су арнасы" жаңа кәсіпорны облыс аумағында жұмыс істейді.

"Бүгінде облыстағы аудандарда сумен жабдықтау және су бұрумен айналысатын шағын кәсіпорындар жұмыс істейді. "Жайық су арнасы" құрылғаннан кейін біз олардың барлығын біріктіреміз, әрі олар жаңа кәсіпорынның филиалдары ретінде жұмыс істейді. Бірыңғай шарттар мен бірыңғай тариф болады. "Батыс су арнасы" ЖШС жұмысын тоқтатады", – деді Миржан Нұртазиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу