Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жоғары оқу орындарына түсушілерге жергілікті бюджет есебінен грант бөлді, деп жазады inbusiness.kz
Әкімдік жергілікті бюджет есебінен жаңа оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысын алған ЖОО тізімін жариялады.
Университет атаулары мен бөлінген грант туралы ақпаратты облыстық әкімдіктің ресми интернет-ресурсынан алуға болады.
ЖОО қабылдау комиссиялары грант бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдауды бакалавриат үшін 10-15 тамыз аралығында, резидентура үшін 24-25 тамыз аралығында жүргізеді.
Қосымша мәлімет алу үшін 26-05-04 телефон нөміріне хабарласуға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу