БҚО әкімі балалар үйі түлектерінің мәселесін қалай шешпек?

681

"Бізде әлеуметтік мәселе көп", - дейді әкім  

БҚО әкімі балалар үйі түлектерінің мәселесін қалай шешпек?

"Оралдағы балалар үйінің түлектері 1 желтоқсанда өздеріне берілуі тиіс баспананы сұрап, Президентке үндеу жолдады. Өздері тұратын "Шаңырақ" жатақханасының алдына наразылыққа шығып, сіздің отставкаға кетуіңізді талап етті. Қазіргі жатақханаларында жағдай жасалмағанын айтады. Сіз қандай пікір білдіресіз?".

Бұл – ОртКом қызметінде өткен брифинг барысында БҚО әкімі Ғали Есқалиевке Stan.kz тілшісі Айнұр Мұхадидың қойған сауалы, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Мәселе қаражатқа тіреледі. Кейінгі үш жылда жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балаларға 98 пәтер беріппіз. Әрине, жеткіліксіз бұл. Өйткені кезекте 1900-дей осы санаттағы бала тұр", - деді әкім.

Оның айтуынша, арендалық үйлердің 50 пайызы алдымен көпбалалы отбасыларға, 20 пайызы жоғарыда аталған санаттағы балаларға беріледі.

"Бізде басқа да әлеуметтік мәселе көп. Мүгедек жандардың проблемасы бар. Жалпы облыс бюджетінің 55 пайызы әлеуметтік салаға бөлініп отыр. Аз да болса, сіз сұраған мәселені шешуді ойластырып жатырмыз. Балаларды алдымен жұмысқа орналастыруды және жұмыс істейтін балаларды анықтауды көздеп отырмыз. Содан кейін заң жағынан дұрыс болса, "Отбасы" банкке қаражат бөлеміз, яғни банктің пайызын жауып береміз, олар осындай балаларға несие береді. Қалған несиені, яғни жеңілдеген бөлігін жұмыс істеп жатқан балалардың өздері жабады. Осылайша жылына 50 балаға жеңілдікпен пәтер алуға көмектесуге болатын секілді", - деді әкім.

Оның айтуынша, жұмыс істейтін осы санаттағы балалардың жалақысын көтеруге немесе басқа табысты жұмысқа ауыстыруға көмек көрсетіледі.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу