БҚО әкімі балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті

624

"Шаңырақ" жасөспірімдер үйін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жандар паналайды.   

БҚО әкімі балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті Фото: gov.kz

Өңір басшысы балалар үйі түлектерінің тұрмыс жағдайына ерекше назар аударды, деп жазады inbusiness.kz.

Облыс әкімімен кездесу барысында тәрбиеленушілер түрлі сұрақтар қойды. Соның ішінде Нариман Төреғалиев тәрбиеленушілермен тұрғын үй мәселесін шешу, тұрғын үй сертификатын алу жолдарын талқылады. Әсіресе "2-10-20 "Бақытты отбасы" бағдарламасына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды енгізу туралы әңгімеледі.

Облыс әкімі жасөспірімдер үйінің үш қабатты ғимаратына алдағы уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлады. Жаңа жоба бойынша асүй, жуынатын бөлмелер қарастырылып, тәрбиеленушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалмақ. Жөндеу жұмыстарына дейін орналасқан тұрғындар, жөндеуден кейін үйге қайта оралатын болады.

Н.Төреғалиев хабарлағандай, аумақта спорт және балалар алаңдарын салу жоспарланып отыр. Өңір басшысы тәрбиеленушілерді жөндеуден кейін үйге ұқыпты қарауға және абаттандырылған аулада тазалықты сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу