2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

БҚО әкімі қаза тапқан сарбаздың отбасына барып, көңіл айтты

160

Марқұм сарбаз былтыр қазанда әскер қатарына алынған. 

БҚО әкімі қаза тапқан сарбаздың отбасына барып, көңіл айтты Фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан сарбаз Өмірбек Өмірзақтың Теректі ауданы Подстепный ауылындағы шаңырағына барып, отбасы мен туыстарына көңіл айтты. 

Облыс әкімі орны толмас ауыр қазаға өңір жұртшылығының да қабырғасы қайысқанын айтып, Мемлекет басшысының тапсырмасымен толыққанды көмек көрсетілетінін жеткізді. 

Өмірбек Өмірболатұлы 2007 жылы туған. 2025 жылғы 3 қазанда Бәйтерек ауданынан мерзімді әскери қызметке алынған. 

Айта кету керек, бұған дейін Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылғанын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу