БҚО әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

1841

Ол мемлекеттік қызметкер бола тұра, кәсіпкерлікпен айналысқан.  

БҚО әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің дерегінше, 2021 жылғы 30 желтоқсандағы өңір басшысының өкімімен БҚО әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев қызметінен босатылған. 

"2019 жылғы шілдеден осы уақытқа дейін Аманжол Алпысбаев БҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ол өзін жауапты және тәжірибесі мол маман ретінде көрсетті. Президенттің шығыстарды оңтайландыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және тағы басқа тапсырмалар бойынша өңірде ауқымды жұмыс жүргізді. Ол мемлекеттік сатып алудың үш жылдық жоспарын әзірлеу кезінде талдаумен және бюджет қаражатын үнемдеу және оны тиімді жұмсауға қатысты өзге де мәселелермен тікелей айналысты. Аманжол Әлиханұлына алғыс айтамыз және оған кәсіби табыс тілейміз", – деп жазылған "Мой город" порталы таратқан хабарламада.

Өткен жылы маусымда Аманжол Алпысбаев "Мемлекеттік қызмет туралы" заңды бұзды деген күдікке ілінген.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің мәліметінше, ол мемлекеттік қызметкер болса тұра, "Самұрық Гидро" ЖШС құрылтайшысы және директоры болған. Департамент облыс әкімдігіне әкім орынбасарының өз өкілеттігін тоқтатуы туралы ұсыныс жіберген.

Алпысбаев бұған келіспей, 4 рет сотқа жүгінген. Сот оның пайдасына шешім шығармаған. Кассациялық сотта да бұрынғы басшының ісі қабылданбаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу