Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдар Нұрәлиев өз еркімен қызметінен кетті. Оның отставкасына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының пара алып ұсталуы себеп болған, деп жазды inbusiness.kz.
Белгілі болғандай, Айдар Нұрәлиев қызметінен кететіні туралы өтінішті 9 қыркүйек күні жазған. БҚО мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент жетекшісі Ғалым Тұрсынбаев қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ол лауазымды тұлға ретінде өзіне тікелей бағынышты басқарма басшысының пара алу дерегі анықталғаннан кейін орнын босатуы тиіс болған. Облыс әкімі орынбасарының өтінішін қабылдап, бұйрық шығарған. Сөйтіп Нұрәлиев бұл қызметін бар-жоғы бір жылдан астам уақыт қана атқарды.
Айта кетейік, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Қаюпов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылған болатын. Оның мойындаудан бас тартқанына қарамастан, сот шенеуніктің сыбайластарымен бірге бір медициналық фирманың директорынан 7,8 миллион теңге көлемінде пара алғанына дәлелдер жеткілікті деп тапты. Кейін апелляциялық сот алқасы үкімді сол күйінде қалдырды.
Құралай Қуатова