Ержан Балтаев 1983 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары, Қазақстан-Британ техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, Ұлыбританияның Абердин университетін құқықтану, бизнесті басқару мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы жылжымайтын мүлік орталығының маманы болып бастаған.
Әр жылдары "CAPS Distribution" компаниясында заңгер болып жұмыс істеді; заңгер, TAIB Kazakh Bank департаментінің директоры; ұлттық менеджер, БҰҰ Даму бағдарламасының бағдарламалар үйлестірушісі; "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі департаментінің басшысы; KPO B.V. компаниясының жоба менеджері; "TENDEU" халықаралық арбитраж агенттігінің директоры; "Astana Invest" қалалық инвестициялық даму орталығының басқарма төрағасы болып қызмет атқарған.
2021 жылдан бастап Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Балтаев Ержан Талғатұлы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, құрылыс, қаржы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін болады.