БҚО-да бір оқушыдан COVID-19 анықталса, мектеп толық жабылады

1000

Үшінші оқу тоқсанының басында өңірде 167 оқушының короновирус жұқтырғаны белгілі болды. 

БҚО-да бір оқушыдан COVID-19 анықталса, мектеп толық жабылады

БҚО-да 13 мектеп карантинге жабылды. Оған 8 ақпан күні шыққан облыстың бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың жаңа қаулысы себеп болған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Оған сәйкес, бұрын білім ошағындағы бір баладан COVID-19 белгісі анықталған жағдайда тек сол сынып қана жабылатын, жаңа ереже бойынша мектеп толық жабылатын болды. Сөйтіп бір апта ішінде бірінен кейін бірі 13 мектеп жабылып отыр.

Үшінші оқу тоқсанының басында өңірде 167 оқушының короновирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың барлығы отбасы мүшелерінен жұқтырған. 

"Мектептер 14 күн, яғни инкубациялық кезеңде жабық болып, оқушылар қашықтықтан оқытылады. Бұдан кейін науқастардың ПЦР-тест анықтамалары теріс нәтиже көрсеткен жағдайда қайта ашылады", - деп түсіндірді БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әдемі Хасанова. 

Айта кетейік, облыста жыл басынан бері карантин режимін бұзғаны үшін салынған айыппұл көлемі қазіргі күні 3 млн.теңгеге дейін жеткен. Ал мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.  

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу