БҚО-да 10 ауған азаматы шекарадан заңсыз өтпек болған

433

Олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған.

БҚО-да 10 ауған азаматы шекарадан заңсыз өтпек болған Фото: polisia.kz

БҚО полицейлері Ауған Республикасының 10 азаматын қолға түсірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 тамыз “Учаске” жедел-профликалық іс-шарасын өткізу барысында ПД Бөрлі аудандық полиция қызметкерлері ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтпекші болған Ауған Республикасының 10 азаматын қолға түсірді. 

Болжамды мәліметтерге сүйенсек, олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған.

"Ұсталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 514-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кейін жинақталған материалдар әрі қарай шешім шығару үшін Бөрлі аудандық  сотына жолданатын болады", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу