БҚО-да инвестиция тарту бағдарламасы бойынша биыл 11 жоба іске қосылады, деп хабарлайды 24.kz.
Ақпарат көзінің хабарлауынша, батыс қазақстандық кәсіпорындар жыл басынан бері құны 924,5 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Индустрияландыру картасы бағдарламасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 10 пайызға өсіп, 71 миллиард теңге табыс тауыпты. Олардың қатарында экспортқа бағытталған және импорт алмастырушы кәсіпорындар жетерлік. Мәселен, құны 1,6 миллиард теңге болатын макарон фабрикасы іске қосылған кезде облыстың ішкі сұранысын өтеумен қатар, дайын азықты шет мемлекеттерге шығаруға мүмкіндік туады. Ирандық инвесторлармен біріккен тағы бір жергілікті кәсіпорын болашақта химиялық реагенттер өндіруді қолға алмақ ниетте.