БҚО-да 12 медициналық нысанның құрылысы басталады

367

Бұл "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында жүзеге асып жатыр. 

БҚО-да 12 медициналық нысанның құрылысы басталады Фото: Егемен Қазақстан

Денсаулық сақтау министрлігі Батыс Қазақстан облысындағы медициналық нысандардың құрылыс жұмыстарының барысы туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында алдағы екі жылда елімізде 655 медициналық нысан бой көтереді. Мысалы, биыл 99 медициналық мекеме салуға қаржы бөлінген.

Жаңа объектілер салу нәтижесінде шамамен 1 млн ауыл тұрғыны медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен қосымша қамтылады.

"Биыл БҚО-да құрылыс-монтаж жұмыстары басталған 12 медициналық объектінің құрылысы жоспарланған. Бұлар Бөрлі ауданының Аралтал, Бәйтерек ауданының  Асан, Казталов ауданының  Бостандық, Теректі ауданының Сарыөмір ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар, сондай-ақ Теректі ауданының  Барбастау, Жәнібек ауданының Жақсыбай, Казталов ауданының  Қараөзен, Жаңақала ауданының Қызылоба, Бөкей ордасы ауданының Мұратсай, Сырым ауданының Өлеңті, Жәнібек ауданының Қамысты, Бәйтерек ауданының Новенький ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пункттер", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу