БҚО-да 14 жылқыны пойыз басып кетті

1161

Мал иесі жауапкершілікке тартылды.

БҚО-да 14 жылқыны пойыз басып кетті

БҚО-да жүк пойызы 14 жылқыны басып кеткен. Пойыздың астына түскен малдың бәрі өлген, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Оқиға 11 ақпан күні болған. "Сұлусай-Жаркий" стансасы маңында жылқылар рельс бойында жайылып жүрген. Машинист пойызды оларды басып кеткеннен кейін ғана тоқтатып үлгереді. Осылайша, пойыз 46 минут бойына тоқтап тұрған. 

Қазіргі күні ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі  жылқылардың иесі табылып, жауапкершілікке тартылғанын хабарлап отыр. Ол – Ақсай қаласының 35 жасар тұрғыны екен. Оған ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 559 бабы 1 бөлігіне сәйкес хаттама толтырылған. 

"Жыл басынан бері пойыздарды кіл тоқтатудың 198 дерегі тіркелді, оның 147-сі малдың теміржол жолағында жүруіне байланысты", - дейді департамент бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.

Мұның ішінде 77 жылқы, 10 түйе, 57 ірі қара болған, 85 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу