Батыс Қазақстан облысында 16 тоннаға тарта тауар тиелген жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кетті, деп хабарлайды 24.kz.
Оқыс оқиға Самара-Шымкент тасжолының бойында, Жымпиты елдімекенінің тұсында болды.
Сырым аудандық өрт сөндіру қызметі бөлімшесінің командирі Батырбек Жұбанғалиевтің айтуынша, жүк көлігі Түркиядан Қырғызстанға бара жатқан. Өртті өшіруге екі техника мен жеке құрамның 10 жасағы жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу