БҚО-да 16 жасар қыз үш баланы өрттен құтқарған

594

Олардың анасы қайтыс болды.

БҚО-да 16 жасар қыз үш баланы өрттен құтқарған

Бүгін 03:12 сағатта БҚО Жәнібек ауданы Жәнібек поселкесінде жеке тұрғын үйде өрт болды. Төтенше жағдай кезінде үйдің 2004 жылы туған үлкен қызы терезеден кішкентай үш бауырын алып шыққан. Өкінішке қарай, түтінге уланып қалған олардың анасы, 1983 жылғы әйел ауруханада есін жимастан көз жұмды.

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, өрттің шығуына электр құрал-жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін деген алдын-ала болжам жасалып отыр. Тілсіз жау 04.56 сағатта ауыздықталған. Өрт сөндірушілер жалынның таралып кетуіне жол бермей, үйдің екінші қабатын аман алып қалған. Оқиға орнында БҚО төтенше жағдай департаментінің бір техникасы мен жеті қызметкері жұмыс істеген. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу