Өткен түні БҚО Жымпиты ауылында жеке үйдің аумағында өрт болды, деп хабарлайды ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.
"Шаруашылыққа арналған нысанның 210 шаршы метр аумағы өртенді. 17 бас ірі қара өлді", – дейді баспасөз қызметінен.
Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Аумаққа 12 өрт сөндіруші мен екі техника жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу