БҚО-да 2 мыңнан астам киік өлексесі жойылды

206

Мамандардың айтуынша, киіктер де қыстан көтерем болып, табиғи ортада сұрыпталады.

БҚО-да 2 мыңнан астам киік өлексесі жойылды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 2 мыңнан астам киік өлексесі жойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл – жылда қайталанатын табиғи құбылыс. Былтырғы, төлдеуден бұрынғы ресми санақ бойынша аймақта 2 млн 300 мың бөкен бар. Ал өңірде әуе санағы енді басталады.

Түз тағысының егізден туып, өсімтал жануар екенін ескерсек, биыл киік саны екі есе көбеюі мүмкін. Жаппай төлдеу мамырдың 3-4-іне келеді деп болжанып отыр.

Айта кетейік, былтыр киік санын реттеуге рұқсат беріліп, өңірде 108 мыңнан астам бөкен ауланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу