БҚО-да 200 дәрігер жетіспейді

985

Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңес отырысында есеп берген өңір басшысы Алтай Көлгінов хабарлады.

БҚО-да 200 дәрігер жетіспейді

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласына қазіргі таңда 200 дәрігер жетіспейді, деп жазады egemen.kz.

Кейбір сирек мамандарды дайындау үшін облыс бюджетінен 16 млн теңге бөлініп, бүгінде 28 батысқазақстандық еліміздің түрлі медициналық жоғары оқу орнында білім алып жатыр. Ал 20 маман Alma University филиалының оқу-клиникалық базасының магистратурасында оқиды.

Батыс Қазақстан облысы – еліміз бойынша медицина саласында қағазсыз құжат айналымына алдымен көшкен өңірдің бірі. Бүгінде осы саладағы 121 түрлі құжат толығымен электронды форматқа көшірілген. Өңірдегі әр адамның электронды денсаулық төлқұжаты бар. 22 мың тұрғын "k-vrachu.kz" мобильді қосымшасын қолданады. Медицина мекемелерінде "Kazmedinform" ақпараттық жүйесі, электронды кезек және жедел жәрдемге арналған "АДИС" автоматты жүйесі енгізілген.

"Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде 2016-2018 жылдар аралығында ана өлімі – 67%-ға, сәби шетінеуі – 20%-ға, қатерлі ісікке шалдығу – 6%-ға азайды. Мемлекет пен жекеменшіктің әріптестігі арқасында облыстық клиникалық ауруханаға магнитті-резонансты томография аппаратын алдық. Шыңғырлау ауданының Ақшат ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салынды", – деді Алтай Көлгінов.

Сонымен бірге Орал қаласында Кардиоорталықтың жаңа ғимаратының құрылысы басталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу