БҚО-да 22 оқушы ауруханаға түсті

869

БҚО-да 22 оқушы ауруханаға түсті

Кеше кешкісін Бөрлі аудандық ауруханасына Ақсай қаласы маңындағы Қызылтал ауылындағы мектептен 22 бала түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Дамир Көпжасаровтың айтуынша, оқиға орнына Орал қаласынан осы мекеме және облыстық денсаулық сақтау басқармасынан арнайы мамандар барған.
Тексере келгенде, балалардың тамақтан уланбағаны, сондай-ақ жұқпалы ауруларға шалдықпағаны анықталды.
Қазіргі кезде ауруханада бес бала қалды, қалғандары үйіне жіберілген. Яғни 6-7-сыныптарда оқитын балалар фарингитпен ауырған. Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Саламат Ералин де растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу