БҚО-да 3 тоннадан аса балық мұз еріген соң жағаға шығып қалған

1238

Судың құрамына жүргізілген санитарлық-химиялық сараптаудың қорытындысы таяу күндері белгілі болмақ.

БҚО-да 3 тоннадан аса балық мұз еріген соң жағаға шығып қалған

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданындағы Қарасу тоғанында балық қырылды, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы салмағы 3 тоннадан асатын балық мұз еріген соң жағаға шығып қалған. Басым бөлігі әрқайсысы 40-50 грамм болатын майда шабақтар.

Оқиға орнында болған мамандар биологиялық сараптама жүргізу барысында өлген балықтан паразитологиялық белгілердің анықталмағанын айтады. Ал судың құрамына жүргізілген санитарлық-химиялық сараптаудың қорытындысы таяу күндері белгілі болмақ.

Алдын ала болжам бойынша, суасты тіршілік иелеріне ауа жетпей тұншыққан. Себебі Қарасу тоғаны балық өсіруге емес, ауылға керекті техникалық су алуға арналған тоған болып саналады. Ең терең деген жері 1-2 метрден аспайды.  

"Биыл қар аса қалың болды. Сол себепті су астындағы оттегі қоры азайып, балық тұншыққан деп санаймыз. Мұндай оқиға 2017 жылы да болған еді. Енді тағы қайталанбас үшін біз өз тарапымыздан жергілікті әкімдікке су қоймасын не мүлде құрғатуды, не ішіндегі балықты күзде толық аулап алуға кеңес беріп отырмыз", ­– дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының бөлім басшысы Қайрат Ибраев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу