БҚО-да 31 млн теңге жымқырған есепші сотталды

872

Ол жазасын 5 жылдан соң өтейді.

БҚО-да 31 млн теңге жымқырған есепші сотталды

Батыс Қазақстан облысында 31 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған бухгалтер 7 жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, Сырым ауданы сотының үкімімен аудандық білім бөлімінің бухгалтері Ақкенже Кушаева айыпты деп танылды.

"Ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді, сотталушының мүлкі тәркіленбейді. Кішкентай балалары болғандықтан Қылмыстық кодекстің 74-бабы 1-бөлімі негізінде жазаны өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалды. Ол мемлекеттік мекемелерде, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда қаржылық қызметпен және материалдық жауапкершілікпен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айырылды", – деп жазылған хабарламада.

Сот барысында Ақкенже Кушаева бөлім басшысы мен бас есепшінің электронды санды қолын пайдаланып, мемлекет қаржысын туыстары мен әріптестерінің есепшотына аударған. 

"Кейін олар ақшаны Кушаеваға қайта аударған немесе қолма-қол берген. Осындай жолмен жалпы 31 млн теңге жымқырылды", – деп жазылған хабарламада.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу