БҚО-да 4 өзбекстандықтан коронавирус анықталды

845

Олар жүк тасымалымен айналысып жүрген.

БҚО-да 4 өзбекстандықтан коронавирус анықталды

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Батыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 4 адам туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 2 азамат та –жүк тасымалымен айналысатын 25 және 27 жастағы Өзбекстан Республикасы азаматтары.

Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы "Сырым" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың бірінде дене қызуы көтерілгені анықталды. Аталған азаматтар іс-әрекет алгоритміне сай оқшауланып, жедел жәрдем көлігі шақырылды.

Барлық эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, аталған азаматтар провизорлық стационарға жеткізіліп, коронавирус жұқпасына талдау жасалды.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жеке бокстарға орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, "Ұлттық сараптама орталығы" БҚО бойынша филиалы дезинфекция орталығы мамандары дезинфекция жүргізді.

Соңғы мәлімет бойынша, аймақта COVID-19 коронавирус инфекциясына шалдыққан 6 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда.

Еске сала кетейік, кеше Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырған екі адамның Өзбекстан азаматтары болып шыққанын жазған едік.

10 сәуір таңғы сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша, Шымкенттегі жаңадан анықталған науқастар коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

10 сәуірдегі жағдай бойынша, қалада COVID-19 инфекциясын жұқтырған жалпы 31 адам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу