БҚО-да 4 жасар баланы ит қауып алды

380

Ит есіне 10 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін.

БҚО-да 4 жасар баланы ит қауып алды Фото: google.com

БҚО-да 4 жасар баланы ит қауып алды. Бүгінгі таңда ол дәрігерлердің бақылауында, деп жазады inbusiness.kz тілшісі mgorod.kz порталына сілтеме жасап.

Порталдың жазуынша, оқыс жағдай 12 қыркүйек күні Бөрілі ауданында болған. Балабақшадан кейін аулада ойнап жүрген балаға ит шабуыл жасап, оны қауып алған. Салдарынан баланың жыныс мүшесі мен жамбас сүйегіне зақым келген.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға шұғыл түрде күрделі ота жасалған. Сондай-ақ ол антирабиялық екпе алды. Бүгінде ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде жатыр. Мамандар оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Полиция ит иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы ("Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу") бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Оған 10 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Ит иесі үй жануарын эвтанизациялау туралы өтініш жазған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу