БҚО-да 491 адам 2 млн теңге ақша алды

607

Медицина саласының қызметкеріне үстемақы төлене бастады.

БҚО-да 491 адам 2 млн теңге ақша алды

БҚО-да 491 медицина қызметкеріне 2 млн теңгеден төленді. Бұлар – елдегі пандемияның алғашқы толқынында дертпен күресе жүріп, жұмыс орнында инфекция жұқтырған медицина қызметкерлері. Мұның ішінде 35 адам жедел жәрдем стансасында жұмыс істейді. 

"Жалпы саны 698 өтініш келіп түсті. Оның ішінен 491-і қанағаттандырылып, қалғандарына үстемақы төлеуден бас тартылды. Оның ішінде, мәселен, ауруды жұмыста жүріп емес, одан тыс кезде ауру жұқтырған адамдар болды", – деп түсіндіреді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан. 

Нақтылай кетсек, мемлекет тарапынан төлемақы коронавирус инфекциясына қарсы іс-шараларға қатысқан және науқастармен жұмыс барысында оны жұқтырып алған дәрігерлерге төленеді. Ал бұл дерттен көз жұмған медициналық қызметкердің отбасына 10 млн теңгеден берілді. Белгілі болғандай, қазіргі күні БҚО-да арнайы құрылған комиссия назарына тағы да ұстемақы алуға берілген өтініштер көптеп түсіп жатыр екен. Оларға үстемақының қаншалықты тиесілі екені алдағы уақытта айқындалады. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу