Батыс Қазақстанда 86 млн теңге тұратын жылқыларды ұрлаған 4 күдікті ұсталды

294

Төрт күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.

Батыс Қазақстанда 86 млн теңге тұратын жылқыларды ұрлаған 4 күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында 148 жылқыны ұрлады деген күдікпен төрт адамнан тұратын топ ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олардың әрекетінен келген шығын 86 млн теңгеден асады.

Polisia.kz мәліметінше, 20-22 қараша аралығында облыс аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен.  Іс-шара барысында БҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Бөкей ордасы ауданының полиция қызметкерлерімен бірлесіп, мал ұрлығын ашуға бағытталған ауқымды жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде мал ұрлығының алты дерегіне қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталды. Сот санкциясымен олар қамауға алынды.

Тергеу барысында күдіктілердің жалпы құны 86 млн теңгеден асатын 148 жылқыны ұрлауға қатысы бар екені анықталған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мал ұрлағаны үшін мүлікті тәркілеумен бірге 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу