БҚО-да әйелі мен екі қызын өлтірген тұрғын өмір бойына бас бостандығынан айырылды

658

Сот үкімі күшіне енген жоқ.  

БҚО-да әйелі мен екі қызын өлтірген тұрғын өмір бойына бас бостандығынан айырылды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Серік Қапизовқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған соттың баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, С.Қапизовқа ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі, 202-бабы 2-бөлігі 1 және 5-тармақтарына сәйкес айыптау үкімі шығарылды.

Сот талқысында белгілі болғанындай, биылғы наурыз айында жұбайы Ж-ға жеңіл дәрежеде дене жарақатын келтіргені үшін Қапизов қамауға алынған.

Осы кезде Ж. некені бұзу туралы талап-арыз берген.

Биылғы 9 сәуірде С.Қапизов әйелі тұратын үйдің есігін бұзып кіріп, бензин шашып, от қойған. Соның салдарынан Ж. мен оның екі қызы қаза тапқан. Үй иесіне 3 млн теңге залал келтірілген.

Сотталушы адамдарды, соның ішінде жас балаларды аса қатыгездікпен өлтіргені және мүлікті қасақана жойғаны үшін айыпты деп танылды. Оның кінәсі куәлардың айғақтарымен және сараптама қорытындыларымен дәлелденді.

Осылайша С.Қапизов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі төтенше қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде, соның ішінде алғашқы бес жылын қауіпсіздігі толық мекемеде өтейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу