БҚО-да бала мен оның әкесі отырған қайық аударылып кетті

1128

Қайғылы оқиға Бәйтерек ауданы Жамбыл кентінде болған.

БҚО-да бала мен оның әкесі отырған қайық аударылып кетті

Батыс Қазақстан облысында балық аулауға шыққан әкелі балалы екеу Деркөл өзеніне суға батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, оқыс оқиға 24 қазан кешкі сағат 17:00-де тіркеліпті.  

56 жастағы ер адам мен 9 жастағы баланың денесін судан ауыл тұрғындары алып шыққан.

"Бала мен оның әкесі отырған қайық аударылып кетті. Олар балық ауламақ болған. Оқиға орнында ТЖД-ның 5 қызметкері мен 2 техника жұмыс істеді", – дейді құтқарушылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу