Бұған дейін күн райына байланысты Самара-Шымкент транзиттік жолының аймақтағы учаскесі – Жымпиты поселкесі – Ақтөбе облысының шекарасы жолдары да жабылған болатын. Бұл жөнінде БҚО ТЖД хабарлап отыр.
Осы айдың басынан бері аталған қызметтің құтқарушылары жеті жеңіл автокөлікті қар құрсауынан шығарып алған. 4 наурыз күні облыстың Дерқұл-Ветелки бағытындағы жолынан қарға кептеліп қалған екі мектеп автобусы шығарылды. Баспасөз қызметі хабарлағандай, екі автобуста 24 адам болған оның 18-і – кәмелетке толмаған бала. Олардың барлығы жақын жердегі Новостройка және Подхоз ауылдарына жеткізілген.
Құралай Қуатова