БҚО-да аудит бөлімінің бас маманы 40 млн теңге парамен ұсталған

789

Енді тәртіп бұзушы бұл соманың 70 еселенген мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс.  

БҚО-да аудит бөлімінің бас маманы 40 млн теңге парамен ұсталған

Тергеушілер аудит бөлімінің бас маманының салықтық тексеру қорытындысы бойынша деректерді жасырғаны үшін қомақты сыйақы алғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Енді тәртіп бұзушы параның 70 еселенген мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс. Әйтпесе, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына шеттетіліп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс сотқа жіберілді.

"БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аудит басқармасының аудит бөлімінің бас маманына (азамат "А") ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен айыптау актісі жасалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 4-бөлігі боцынша Қылмыстық іс негізінен Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарау үшін жіберілді", – деді облыс прокурорының аға көмекшісі Әсел Берқалиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу