БҚО-да ауыл әкімі баласының тойын жасады

655

Той мейрамханада дүркіреп өткен.

БҚО-да ауыл әкімі баласының тойын жасады

БҚО-да Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің әкімі карантиннің қайта күшейтілгеніне қарамастан баласының үйлену тойын жасаған. Өткен жексенбіде мейрамханада дүркіреп өткен тойдың бейнежазбасы кең тарап кеткен. Қазіргі күні ауыл басшысы Татжан Өтемісов еңбек демалысында екен. 

"Ол еңбек демалысынан шыққан соң, бұл мәселені көтереміз. Дегенмен арнайы бақылау топтары бар, олар аймақтағы барлық жағдайды қарап, тексеріп отыр ғой", – дейді Ақжайық ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ердос Үмітов. 

Тағы белгілі болғаны, 30 қазан күні өтетін ауыл әкімін сайлау науқанына Татжанов өзін үміткерлікке ұсынбапты.

Қазіргі күні БҚО әкімі Ғали Есқалиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындарды аймақта короновирус дертінің күшейіп кетуіне байланысты сақтық шараларын ұстануға шақырды. Бұған дейін ол адамдарға төнген қауіпке қарамастан той-томалақ өткізіп, айыппұлды алдын-ала дайындап қоятын әдеттерін сынға алған болатын.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу