БҚО-да бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды

144

БҚО-да Орал – Атырау тас жолында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО-да бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды Фото: polisia.kz

БҚО Бәйтерек ауданына қарасты Щапов ауылы маңында Орал – Атырау автожолында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Hyundai Accent көлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде 31 жастағы ер адам болған.

Тексеру барысында тиісті рұқсат құжаттары жоқ бекіре тұқымдас (стерлядь) 10 балық анықталды. Сонымен қатар арнайы ау және балық аулауға арналған қармақтар тәркіленді.

"Қызыл кітапқа енген және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келтірілген залал көлемі анықталу үстінде", – делінген хабарламада.

Полиция табиғатқа келтірілген залал үшін жауапкершілік қатаң екенін ескертеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу