БҚО-да белгілі волонтерді жерледі

881

Оны тоқ соғып өлтірген еді.  

БҚО-да белгілі волонтерді жерледі

Кімге болса да көмектесуден қашпайтын, елгезек Самат Шайдуллаұлы Орал қаласында "Uralsk Runners" тобының еріктісі ретінде танымал болатын. Өкінішке қарай, ол адамдарға қол ұшын бере жүріп мерт болды.

Белгілі болғандай, Самат он қабатты үйдің қабырғасына салынып жатқан граффити кезінде суретшіге көмектеспек болған. Бірақ, жұмыс кезінде оны төбедегі жоғары вольтты тоқ соғып, оқиға орнында тіл қатпастан қайтыс болып кетеді.

-Бұл кезде мен төменде қылқамдарымды жуып жатқан едім, ол төбеде жүрген болатын. Бізге барынша қолдау көрсетіп, жәрдемдесіп, тамақ әкеліп тұратын. Бұлай болады деп кім ойлаған, өте өкінішті жағдай", - дейді суретші Ақмарал Ғазиева.

Қазіргі күні Самат Шайдуллаұлының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Марқұмның жасы 31-де болатын, артында екі сәбиі қалды.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу