БҚО-да бір күнде 500-ден астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

98

Батыс Қазақстан облысында 23-25 қаңтар аралығында "Қауіпсіз жол" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

БҚО-да бір күнде 500-ден астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді Фото: БҚО полиция департаменті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған іс-шара жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол ережесін сақтауға, жарақаттар санын азайтуға бағытталған.

Осы күндері патрульдік полиция батальонының жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. 

– Іс-шараның алғашқы күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 533 дерегі тіркелді. Соның ішінде 3 жүргізуші автокөлікті мас күйінде айдағаны үшін ұсталды. Бесеуі көлік құралын басқару құқығынан айырылған болып шықты. Тоғыз жүргізуші жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан. Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және бұзушылықтарға жол бермеу керектігін еске салады, – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 51 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 2 адам мерт болды. 84 адам түрлі жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу