БҚО-да болған өрттен бір адам зардап шекті

957

БҚО-да болған өрттен бір адам зардап шекті

БҚО-да дала өрті кезінде 200-ге тарта қой-ешкі тірідей жанып кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Оқыс оқиға Қазталов ауданына қарасты Талдыапан ауылының жайылымында тіркелген. БҚО-ның Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, тілсіз жаудың бетін қайтаруға 40 шақты ауыл тұрғыны мен 8 техника жұмылдырылған. Өрт салдарынан қой бағып жүрген 27 жастағы ауыл тұрғыны зардап шекті. Денесінің 70 пайызын күйік шалған азамат шұғыл түрде Жалпақтал ауылындағы ауруханаға жеткізілді.

Алапат өрт кешкі 21:00 шамасында сөндірілді. Аптақ ыстықтың салдарынан биыл өңірде дала өрті жиілеп тұр.

Мәселен, соңғы аптада Ақжайық ауданына қарасты бірнеше елді мекен аумағында тілсіз жау бас көтерді. "Мал-жан аман, дегенмен қысқы мал азығына қажетті жем-жөп дайындайтын шабындық алқаптарының жанып кетуі ауыл тұрғындарына оңай тимегені анық", – дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу