Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты тас жолдар жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.
22 наурыз сағат 00:15-тен бастап БҚО-да боранға байланысты көліктің барлық түріне жолда жүруге шектеу қойылды.
Орал – Тасқала – РФ шекарасы, 4-72 шақырым, Оралдан Тасқала кентіне дейін, Самара – Шымкент, 195-251 шақырым, РФ шекарасынан Оралға дейін, Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы, Подстепное кентінен Бурлинге дейін 0-96 шақырым.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу