БҚО-да бүгін құрғақ шөптің 41 өрті тіркелді

430

Дала өрті елдімекенге жақындап, 44 адам эвакуацияланды.

БҚО-да бүгін құрғақ шөптің 41 өрті тіркелді Фото: ҚР ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында өртке байланысты ауылдан 44 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап,

Облыста бүгін құрғақ шөптің 41 өрті тіркелген.

Соның 20-сы сөндірілсе, Орал қаласында, сондай-ақ Ақжайық, Теректі, Бөрлі, Казталов және Бәйтерек ауданында 14 өрт ошағы бақылауда.

"Әсіресе, Теректі ауданында күрделі жағдай қалыптасты. Әйтиев ауылы маңында 50 га жер (26 га - құрғақ шөп, 24 га - орман), 2 қора-қопсы отқа оранды. 10 үй (44 адамның 16-сы бала) қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнына облыс әкімі мен ТЖД бастығы барды. Сол секілді Құмақсай ауылы маңында 25 га жерде жалынның орманға ауысу қаупі бар. Жаңаөмір ауылы маңында жану аумағы анықталу үстінде. Казталов ауданы Болашақ ауылы маңында 4 800 гектар құрғақ шөп өртеніп жатыр. Өңірде өрттерді сөндіру жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу