БҚО-да дизель тапшы

470

Батыс Қазақстан облысында тағы да дизель тапшы.  

БҚО-да дизель тапшы Фото: newtimes.kz

Жүргізушілер жанармай бекеттерін жағалап жүр, деп жазады inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Тауарды тапқан күннің өзінде ұзын-сонар. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қорда 3600 тонна шамасында дизель қалған. Бұл бір аптаға ғана жетеді. Мамандар тауар тапшылығын Атырау мұнай өңдеу зауытының уақытша жөндеуге жабылуымен байланыстырып отыр. Ол кәсіпорын енді ғана жұмысына кірісе бастаған. Келісімшарт негізінде Жайық өңіріне 1200 тонна дизель отыны жолданған.

"Бір-екі күнде жағдай қалпына келе бастайды", - дейді шенеуніктер.

"Мен тек жолда келе жатқанын айтып жатырмын. Бұдан басқа арыздарымыз бар зауытта жатқан. Олар да ертең шығып қалуы мүмкін. Зауыт қалай өндіреді дизель отынын, солай жібере береді. Шекті баға бізде дизель отыны- 260 теңге ҚР азаматтарына, ал транзиттік 650 теңге", - дейді БҚО энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Миржан Нұртазиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу