Батыс Қазақстанда дрон құлады: Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігіне бақылауды күшейтті

316

Зардап шеккендер жоқ.

Батыс Қазақстанда дрон құлады: Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігіне бақылауды күшейтті Фото: видеодан алынған кадр

Қорғаныс министрлігі БҚО-да белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелді. Оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылды. Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ. Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның шығу тегін анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізілуде", – делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылданғанын жеткізді. 

"Сондай-ақ бұл аппараттар тиесілі болуы мүмкін шетелдік серіктестермен консультациялар жүргізілуде", – деп хабарлады ведомство.

Айта кету керек, бұған дейін Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу