БҚО-да алаяқтарға көмектескен 7 студент сотталды

665

Олар дропперлікпен айналысқан.  

БҚО-да алаяқтарға көмектескен 7 студент сотталды Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысында дропперлік схемаға қатысқан 19 жастағы 7 колледж студенті сотталды. Олар банк шоттарын ашып, оны алаяқтардың пайдалануына берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Банк шоттары арқылы барлығы 4 млн теңге қаражат өткен.

Сот шешімімен 19 жастағы колледж оқушыларының үш жылға бас бостандығы шектелді. Енді олар мәжбүрлі еңбекке тартылуға, пробация қызметінің есебінде тұруға міндетті. Егер бұл талаптар сақталмаса, бас бостандығынан айырылып, түзеу мекемесіне жіберіледі.

Айта кетейік, дропперлік үшін қылмыстық жауаптылық 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап енгізілген. Осы уақыттан бері Қылмыстық кодекстің 232-1-бабы бойынша 700-ден астам іс тіркеліп, 200-ден астам адам сотталған.

Заңға сәйкес, банк шотын немесе картасын үшінші тұлғаларға бергендер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Мамандар азаматтарды алаяқтық схемаларға араласпауға және өз банк деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу