Қаржылық мониторинг агенттігі БҚО-да "Life is good" және "Hermes" жобалары бойынша қаржылық (инвестициялық) пирамидаларын ұйымдастыруға күдікті тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдіктілер жеке тұлғалардан 24%-дан 54%-ға дейінгі мөлшерде төлемдер беру уәдесімен қаражат тартқан.
"Тартылған қаражат көлемі 120 млн теңгені құрады. Бүгінгі таңда қаржылық пирамиданы ұйымдастырды деген күдікпен ілінген азаматша ұсталып, соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда", - делінген хабарлама.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу