БҚО-да екі көпір пайдалануға берілді

872

БҚО-да екі көпір пайдалануға берілді

Батыс Қазақстан облысында қос бірдей көпір пайдалануға берілді, деп хабарлайды 24Хабар.

Енді Садовое мен Зеленое ауылдарының халқы Шаған өзенінің екі жағалауына еркін қатынайды. Қос нысанның құрылысына жергілікті бюджеттен 90 млн теңге қаржы жұмсалған. Макаров ауылының мың жарымдай тұрғыны өзен үстімен осылай жаяу-жалпылап жандарын шүберекке түйіп өтетін. Жазғы уақытта олар жасанды салдық көмегіне жүгініп жүрді. Енді бүгіннен бастап мұның бәрі олар үшін өткен шақ.  Сондықтан болар, әлеуметтік маңызы бар нысанның ашылуын ауыл тұрғындары зор қуанышпен қарсы алды. Ені екі, ал ұзындығы 110 метр болатын көпірді мердігер кәсіпорын жоспарлаған уақытында салып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу